Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының м.а. 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №144-НҚ бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ Н.Н. Шманов атындағы МАС-тағы «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне 1 тоннаға 37,23 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) тариф бекітілді.
Көрсетілген тариф 2022 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 30,50 теңге тариф болған.
Тарифті бекіту туралы ақпарат 2022 жылғы 20 қыркүйектегі «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.