Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы №117-НҚ бұйрығымен бекітілген «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 328,04 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшеріндегі уақытша өтемдік тарифтің қолданылуы 2022 жылғы 30 қарашада аяқтайды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қарашадағы №71-НҚ бұйрығымен бекітілген «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 355,57 теңге мөлшеріндегі (ҚҚС-сыз) тарифі 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданылады.
Хабарландыру 2022 жылғы 29 қазанда «Литер» газетінде жарияланды.