KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ негізгі қызмет түрлері өзгерді

 31.10.2022    936
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2022 жылғы 19 қазандағы шешімімен (№4/2022 хаттама) «ҚазТрансОйл» АҚ жүзеге асыратын қызмет түрлері бөлігінде «ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді, атап айтқанда:

1) «ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысынан мынадай қызмет түрлері алып тасталынды:

- «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық құбырлары объектілерінің орналасуының географиялық шекараларында тұруды ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

- «Үлкен Шаған» МАС жұмыс істейтін қызметкерлер үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Үлкен Шаған» мұнай айдау станциясының жатақханасында тұруды ұсыну бойынша қызметтер көрсету.

2) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Жарғысына «кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйым ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсету» қызметінің жаңа түрі енгізілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілген.

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің түрлерінің қысқаруы «тұрғын үйдің басқа түрлері» қызметінің тиісті түрін (ЭҚЖЖ коды 55900) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен бекітілген, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және республика қаулысымен бекітілген олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінен алып тастауға байланысты.
 
Реакция:
Серiктестер