KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

KASE: «ҚазТрансОйл» «Транспаренттілікке ұмтылғаны үшін» дипломымен марапатталды

 20.02.2023    822

          17 ақпанда «Қазақстан қор биржасы» АҚ «ҚазТрансОйл» АҚ-ны 2022 жылға арналған жұмыс қорытындысы бойынша (экономиканың қаржылық емес секторындағы листингілік компания) «Транспаренттілікке ұмтылғаны үшін» дипломымен марапаттады. KASE сарапшыларының пікірінше, компания листингтік талаптардан басқа ақпаратты жариялау саны бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Жыл сайынғы марапаттау рәсімі Алматыда өтті.

            Марапаттар 2022 жылы үздік нәтиже көрсеткен биржа мүшелеріне және листингтік компанияларға берілді. KASE листингілік компаниялар санатында экономиканың қаржылық емес секторындағы ашықтыққа ұмтылғаны үшін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ да марапатталды.

Реакция:
Серiктестер