KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Махачкалаға экспортқа 325,9 мың тонна мұнай жөнелтті

 16.03.2023    377
2023 жылдың қаңтар, ақпан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 325,9 мың тонна қазақстандық мұнайды Махачкала порты бағытында, одан әрі қарай «Махачкала – Тихорецк – Новороссийск» мұнай құбырымен айдау үшін Ақтау порты арқылы жөнелтті.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісімнің аясында жүзеге асырылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер