KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

1 мамырдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстанның аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтерге арналған тарифтерін көтереді

 31.03.2023    2602
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2023 жылғы 31 наурыздағы № 30 және № 31 бұйрықтарымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне мынадай тарифтер бекітілген:

- Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарына мұнай құю - 1 тонна үшін 1 213,20 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 409,57 теңге тариф болған);

- Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытусыз Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 263,49 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 122,91 теңге тариф болған);

- Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытып, Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 320,09 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 128,43 теңге тариф болған);

- «Мақат» мұнай айдау станциясында мұнайды «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 2 283,27 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 1 118,10 теңге тариф болған);

- «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 337,5 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 89,15 теңге тариф болған);

- бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызмет - 1 тонна үшін 84,47 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 41,45 теңге тариф болған);

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясындағы мұнайды 1 тонна үшін 1000,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 500 теңге тариф болған).

Көрсетілген тарифтер 2023 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Реакция:
Серiктестер