KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Германия мұнай өңдеу зауытының басшылығымен кездесті

 25.04.2023    2162
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев және Rosneft Deutschland GmbH (Шведт қ., Германия) мұнай өңдеу зауытының бас директоры Йоханнес Бремермен кездесіп, қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдау мәселелері мен одан әрі ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

2023 жылдың 1 тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша 39 897 тонна қазақстандық мұнайды тасымалдады.

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі бекіткен мұнайды тасымалдау кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында «Адамова застава» мұнайды тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
 
Серiктестер