KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Германияның Грузиядағы елшісі Еуропа мен Азия арасындағы жүк транзиті аясында Батуми теңіз портының мүмкіндіктерімен танысты

 28.04.2023    2180
«Батуми теңіз порты» ЖШҚ бас директоры Ұлан Тілеуғали Германия Федеративтік Республикасының Грузиядағы елшісі Питер Фишермен кездесті. Тараптар Батуми теңіз портының аумағын аралады. Германия елшісін порттың техникалық мүмкіндіктері туралы ақпаратпен таныстырды.

Питер Фишер Грузияның Транскаспий халықаралық көлік бағытын, сондай-ақ Батуми портын Еуропа-Азия бағытында және кері қарай транзиттік жүктерге арналған көлік дәлізінің басты торабы ретінде дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БНТ) – еншілес ұйым. «ҚазТрансОйл» АҚ (100 %). «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-да 100 % үлесті басқаруға айрықша құқығы бар.
 

 
Серiктестер