KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Сәуір айында Қазақстан Германияға мұнай экспортын 150%-ға арттырды

 16.05.2023    444

 Әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда 30 мың тоннаға немесе 150 %-ға артып, 50 мың тоннаны құрады. 

2023 жылдың ақпан-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 90 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жүзеге асырды.

2022 жылғы желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша тасымалдауға жылдық өтінім берген. Аталмыш мұнай транзиті 2002 жылғы 7 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сәйкес келісім шеңберінде жүзеге асырылды. 

«ҚазТрансОйл» АҚ 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша тасымалдау үшін техникалық мүмкіндікке ие екендігін растайды, бірақ тасымалданатын нақты мұнай көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты болады. 

Реакция:
Серiктестер