KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ-та Fitch Ratings Ltd агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті

 22.05.2023    269

«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында Fitch Ratings Ltd рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара «ҚазТрансОйл» АҚ кредиттік рейтингіне жыл сайынғы шолу шеңберінде ұйымдастырылды. Кездесуге «ҚазТрансОйл» АҚ басшылық құрамы мен  мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында 2022 жылдың және 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша қызметтің өндірістік нәтижелері, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ даму перспективалары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитентінің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «ВВВ» – деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты» болды.

Реакция:
Серiктестер