KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиыны бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекітті

 24.05.2023    434


«ҚазТрансОйл» АҚ, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12 тұрғын емес үй-жай, БСН 970 540 000 107, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік 2012 жылғы 29 тамыздағы сериясы 62001 № 0015217, Kbe16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ536010111000012185 (теңге), 2023 жылғы 24 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында «ҚазТрансОйл» АҚ ҚазТрансОйл» 2022 жыл қорытындысы бойынша дивидендтерін төлеу туралы шешім қабылдап, бірқатар жұмыстарды бекітті:

         1) «ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың соңында алған 19 801 693 000 (он тоғыз миллиард сегіз жүз бір миллион алты жүз тоқсан үш мың) теңге сомасында таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілді:

        дивидендтер төлеуге 15 000 495 861 (он бес миллиард төрт жүз тоқсан бес мың сегіз жүз алпыс бір) теңге сома жіберу;

        4 801 197 139 (төрт миллиард сегіз жүз бір миллион жүз тоқсан жеті мың жүз отыз тоғыз) теңге сомасында таза кірістің қалған сомасы бөлінбейді және «ҚазТрансОйл» АҚ билігінде қалдыру;

          2) «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы 2022 жылға арналған дивиденд мөлшері 39 (отыз тоғыз) теңге мөлшерінде белгілеу.

        2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2023 жылғы           5 маусым сағат 00:00 жағдай бойынша жасақталады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2023 жылдың 13 маусымы.

_______________________

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. 

«ҚазТрансОйл» АҚ 

жұртшылықпен байланыс 

және ішкі коммуникациялар департаменті

Реакция:
Серiктестер