KZTO 838,60 (-0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 838,60 (-0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиынының қорытындысы бойынша баспасөз брифингі өтті

 25.05.2023    376

2023 жылдың 24 мамырында «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппараты ғимаратында акционерлердің жылдық жалпы жиынының қорытындысы бойынша баспасөз брифингі өтті. Брифингті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Оңғарсынов Алмас Асқарұлы жүргізді.

Брифингке отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, соның ішінде республикалық «Хабар», «Жібек жолы» телеарналарының, «Курсив Медиа» іскерлік жаңалықтар порталының, Reuters және «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттіктерінің журналистері қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ басшылары журналистердің қызмет бағыттары бойынша сұрақтарына жауап берді. Мұнай экспортының жаңа бағыттары, қолданыстағы бағыттарды дамыту және «ҚазТрансОйл» АҚ инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқылаудың негізгі тақырыптары болды.


Реакция:
Серiктестер