KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы үшін су құбырын салды

 06.09.2023    1160
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ 100% үлесі) «Атырау облысындағы Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы үшін су құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асырды.

Су құбыры Қашаған кен орнындағы ілеспе газ өңдеу зауытының құрылысының бірінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстарын сумен қамтамасыз етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың 31 мамыры мен 31 тамызы аралығында 3 ай ішінде аяқталды.

Су құбыры «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырына қосылған, оның операторы «Магистральдық суағызғысы» ЖШС.
 
Реакция:
Серiктестер