KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын жаңғырту үшін 20 млрд теңге тартты

 27.11.2023    911
«Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту» инвестициялық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражат беру шеңберінде  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Магистральдық су ағызғы»  ЖШС-нің 20 млн облигациясын (қатысу үлесінің 100% - ы «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі) жалпы сомасы 20 млрд теңгеге сатып алды.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жобаны қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-тан 20 млрд теңге сомасына осындай облигациялық қарыз тартты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді, оның 50 млрд теңгесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тан облигациялық қарыз түрінде «Магистральдық су ағызғы» ЖШС 2023 жылдың сәуірінде тартылды.

Жобаны іске асыру «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
 

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жарғылық капиталға қатысу үлесінің 100% иеленеді. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесіне тиесілі.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
 және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер