KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«ҚазТрансОйл» АҚ жалпы көлемі 40 мың м³ мұнай сақтайтын екі жаңа резервуарды пайдалануға берді

 27.12.2023    1208

«ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау станциясында №5 және №6 понтоны бар жаңадан салынған екі мұнай сақтайтын қазандықтарды пайдалануға берді. Олардың әрқайсысының сыйымдылығы 20 мың м³.

Осылайша, станцияның қазандықтар паркінің жалпы сыйымдылығы бүгінгі күні 120 мың м³ құрайды.

Бұған дейін қазандықтарды технологиялық құбырға қосу жұмыстарының екінші – соңғы кезеңі аяқталды. Технологиялық құбырды қосу процесінің бірінші кезеңі 2023 жылдың қазан айында аяқталған болатын.

Жаңа резервуарлар Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау стансасының қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті жабдықтардың толық кешенімен жабдықталған. 

«ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасына қарасты Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау стансасы  «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 1108 шақырымында орналасқан және «Құмкөл – Қарақойын» магистральдық мұнай құбырының шекті бекеті болып табылады.

Реакция:
Серiктестер