KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2023 жылдың 12 айында «ҚазТрансОйл» АҚ 993 мың тонна қазақстандық мұнайды Германияға жеткізді

 12.01.2024    1369
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық мұнайды одан әрі Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу бекетіне қарай тасымалдау көлемі 993 мың тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың қаңтарында Германияға одан әрі жеткізу үшін 100 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр.
2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу пунктіне 1,2 миллион тоннаға дейін қазақстандық мұнайды жөнелтуді жоспарлап отыр.
Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.
Реакция:
Серiктестер