2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 290 млрд 385,6 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 14% жоғары.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 32 млрд 845,3 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың нәтижесінен 66% жоғары.
Сонымен бірге, 2023 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 240 млрд 988,2 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас көрсеткіштен 14% жоғары.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 18 млрд 041,9 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 116% жоғары.
Қаржылық есептілік «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ интернет-ресурсында келесі сілтемелер бойынша орналастырылады:
https://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/karzhilik_akparat_zhildik_zhene_aralik_karzhi_esebi/ ,
https://kase.kz/ru/issuers/KZTO/ .