KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Директорлар кеңесі 2023 жылға арналған дивидендтер мөлшерін ұсынды

 17.04.2024    758
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың  Директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына 2023 жылдың қорытындысы бойынша 32,8 млрд теңге көлемінде түскен таза табыстың 25,0 млрд теңгесін дивидендтерді төлеуге жұмсауды ұсынды. Таза табыстың 7,8 млрд теңге көлеміндегі қалған бөлігін бөлмеуді және «ҚазТрансОйл» АҚ-иелігінде қалдыруға кеңес берді. Бір қарапайым акцияға есептегенде 2023 жылға арналған дивиденд мөлшері 65 теңге деңгейінде болуын қарастыруды алға тартуда.  

2023 жылға арналған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың таза табысын бөлу тәртібі және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір қарапайым акцияға есептегендегі  дивиденд мөлшері 2024 жылғы 23 мамырдағы «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысында бекітілетін болады.
 
Реакция:
Серiктестер