KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік-технологиялық байланыс мәселелерін талқылады

 17.05.2024    1423
Астанада өтетін жыл сайынғы кеңесте телекоммуникация департаментінің мамандары, «ҚазТрансОйл» АҚ байланыс жөніндегі инженерлері мен еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың өкілдері өндірістік-технологиялық байланыс (ӨТБ) мәселелерін талқылады.

Жыл сайын Қоғамның байланыс бөлімшелері магистральдық мұнай құбырлары объектілерінің ӨТБ үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. 2023 жылы байланыс жүйелерінің себебінен магистральдық мұнай құбырларының тоқтап қалуы туралы деректер тіркелген жоқ. Сондай-ақ, ешқандай да өндірістік жарақаттанулар орын алмады. Аталған ақпараттар 2023 жыл мен 2024 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар, орын алған бас тартулар мен олардың себептері туралы есеп беруде айтылды.

Кеңес барысында барлық деңгейдегі мамандар дайындаған ӨТБ-ның проблемалық мәселелері мен олардың шешімдері қаралды. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған ӨТБ бөлігінде Бизнес-жоспарының жобасын қалыптастыру, сондай-ақ қаржы және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, инновациялық техникалық шешімдерді енгізу мәселелері де талқыға салынды.

Бұдан басқа, су тасқыны кезеңінде барлық байланыс бөлімшелері мен жабдықтары жедел байланыспен пайдалану қызметтерін қамтамасыз ете отырып, байланыстың тоқтап қалуынсыз штаттық режимде жұмыс істеді. Қорытындылай келе, қатысушылар ӨТБ қызметін одан әрі жақсарту бойынша міндеттерді белгіледі.
 
 
Реакция:
Серiктестер