Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес «Магистральды суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесі 100 % «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі) тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, магистральдық құбырлар арқылы сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметіне жаңа тарифтер енгізеді.
2024 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 30 маусымына дейін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар үшін тариф 1 400 теңге/м³ құрап, 104,8%-ға өсті; 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін – 1 450 теңге/м³, немесе 3,6%-ға өсті; 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейін – 1500 теңге/м³, немесе 3,4%-ға өсті; 2027 жылғы 1 шілдеден 2028 жылғы 30 маусымға дейін – 1 550 теңге/м³, 3,3%-ға өсті; 2028 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусым – 1600 теңге/м³, өсім 3,2% құрады.
2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 30 маусымға дейін мұнай және газ өндіруші кәсіпорындар үшін тариф 21%-ға өсіп, 2 472,99 теңге/м³ құрайды; 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін – 2 922,90 теңге/м³, немесе 18,2%-ға өсті; 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейін – 7,1%-ға өсіп, 3 130,33 теңге/м³ құрады; 2027 жылғы 1 шілдеден 2028 жылғы 30 маусымға дейін – 4 132,03 теңге/м³, немесе 32%-ға өсті; 2028 жылғы 1 шілдеден 2029 жылғы 30 маусымға дейін – 3 521,41 теңге/м³, немесе 14,8%-ға төмендеді.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусымға дейін халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар үшін тариф 30 теңге/м³ құрады, немесе 66,3%-ға өсті.
2024 жылдың 1 шілдесінен 2029 жылдың 30 маусымына дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тариф 100 теңге/м³ құрап, 53,9%-ға өсті.