KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбыры объектісінде электр жылытқыштардың жаңа буынын енгізді

 17.07.2024    2499
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Прииртышск» авариялық-қалпына келтіру пунктінің өндірістік объектілерінде электр жылытудың индуктивті-өткізгіш жүйелері орнатылған.

Аталған жүйелерді енгізу – пайдалану шығындарын жылына 38 млннан 450 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. «Прииртышск» авариялық-қалпына келтіру пунктінің өндірістік объектілерін жылытуға байланысты атмосфераға тарайтын ластаушы заттардың қалдығы нөлдік деңгейге жеткізілді.

Жаңашылдықты «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының бас энергетигі қызметінің бастығы - бас энергетик Рафис Валиев ұсынды.

Индуктивті-өткізгіш электр жылытқыштарын енгізгенге дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Прииртышск» авариялық-қалпына келтіру пунктінің өндірістік объектілерін жылумен жабдықтау сұйық отынмен жұмыс істейтін қазандықпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерін индуктивті-өткізгіш электр жылытқыштармен жылыту тек «Прииртышск» авариялық-қалпына келтіру пунктінде жүзеге асырылады.

Индуктивті-өткізгіш электр жылытқыштар – бұл жоғары энергетикалық сипаттамаларымен ерекшеленетін электр жылытқыштарының ең жаңа буыны: 98% тиімділік және 0,985 қуат коэффициенті.

2023 жыл мен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмысшылардың «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге ықпал ететін 10 ұсынысы мен 1 рационализаторлық ұсынысы енгізілді.
 
 
Реакция:
Серiктестер