KZTO 817,49 (-0,18%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,49 (-0,18%)

Арман Қасенов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) болып сайланды

 22.07.2024    33
 
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес 2024 жылғы 22 шілдеден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Арман Қасенов сайланды.

Осы тағайындауға дейін Арман Қасенов «QazaqGaz» «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары болған. Әр жылдары «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры – Басқарма Төрағасы, Корпоративтік даму жөніндегі бас директордың орынбасары, Корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор, «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК бас директоры болып жұмыс істеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 22 шілдеден бастап Талғат Құрманбаевтың «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сонымен қатар, өз бастамасымен 2024 жылғы 22 шілдеден бастап Талғат Құрманбаев «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма құрамына «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов, Басқарма мүшелері – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Темірхан Әбдіров, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары Эрик Сагиев, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов, «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов, «ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директор Жайдарман Исақов кіреді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі Болат Закиров, Директорлар кеңесінің мүшелері – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі Ардақ Қасымбек, тәуелсіз директор Қазбек Құсайынов, тәуелсіз директор Адриан Фрейсине, тәуелсіз директор Миллер Тимоти Глен кіреді.
 
 
Реакция:
Серiктестер