KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың мұнай тасымалының шоғырландырылған көлемі 5%-ға артты

 25.07.2024    169
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың компаниялар тобы кеңейтілген жиын барысында 2024-жылдың I жартыжылдығындағы өндірістік қорытындыларын шығарды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың I жартыжылдығында мұнай тасымалдаудың және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 23 млн 218 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың I жартыжылдығындағы көрсеткіштен 1 млн 86 мың тоннаға немесе 5%-ға артық.
 
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында жеке «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 22 млн 265 мың тонна мұнай тасымалдады, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 912 мың тоннаға немесе 4%-ға артық.
 
Есепті кезеңде «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 9 млн 127 мың тонна мұнай тасымалданған, бұл 2023 жылғы І жартыжылдық көрсеткішінен 161 мың тоннаға аз. Мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 219 млн тонна-километрді құрады, ол 2023 жылғы І жартыжылдық қорытындысынан 112 млн тонна-километрге аз.
 
2024 жылғы І жартыжылдықта «МұнайТас» СБҚК» ЖШС мұнай құбыры бойынша тасымалданған мұнай көлемі 2023 жылғы сәйкес кезең деңгейінде сақталып, 2 млн 735 мың тоннаны құраған. Мұнайдың жүк айналымы 15 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 117 млн тонна-километрді құрады.
 
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері және газды ауыстырып тиеу көлемі 953 мың тоннаны құрады, ол 2023 жылғы І жартыжылдық көрсеткішінен 175 мың тоннаға жоғары.
 
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры арқылы «Магистральдық суағызғы» ЖШС 12 млн 745 мың текше метр тұщы су жеткізген. 2023 жылғы І жартыжылдық көрсеткішімен салыстырғанда су жеткізу көлемінің төмендеуі 1 млн 362 мың текше метрді құрады.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ҚР ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. 

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін иеленеді. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань - Маңғышлақ» магистральдық сутартқышының меншікті иесі болып табылады.

«Petrotrans Limited» (PTL)  жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясы – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (100%)  еншілес ұйымы. PTL Кавказ сырты бойыншап жүктерді жіберу қызметтерін жүзеге асырады, Грузия арқылы Каспий аймағынан тасымалдау қызметтерін ұсынады және мұнай мен мұнай өнімдерін жіберу бойынша қызметтер көрсетумен байланысты кәсіпкерлік пен операциялық қызметтерді жүзеге асырады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) – «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы  (100 %).  БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иеленеді және басқарылады.

 «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС – «Кеңқияқ - Құмкөл» және «Атасу - Алашанькоу» мұнай құбырын иеленетін  «ҚазТрансОйл» АҚ (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50 %) бірлескен кәсіпорны. 

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС – «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49 %) бірлескен кәсіпорны.
 
 
Реакция:
Серiктестер