KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері RoSPA стандартына сәйкес қауіпсіз көлік жүргізу курстарынан өтті

 26.07.2024    1437
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының оқу орталығында Ұлыбританияның RoSPA халықаралық аккредитациясы бойынша көлікті қауіпсіз жүргізу бойынша арнайы курстар өтті.  Курс кезінде көлік қауіпсіздігіне қатысты және қазіргі өзекті тақырыптар талқыланды.

Ақтау қаласында өткен шараға «ҚазТрансОйл» АҚ – ның барлық жекеленген құрылымдық бөлімшелерінің қозғалыс қауіпсіздігі бойынша инженерлері мен жетекші инженерлері қатысты. Олар үшін жолда қауіпсіз жүргізу бойынша курстар ұйымдастырылды. Жолда жүргізушіге қатерлі жағдайлардан қауіпсіз әдістер арқылы шығуға мүмкіндік беретін көлік жүргізудің түрлі стратегиясын қолдану, мұқияттылық, алдын ала болжау, көлікті басқарудағы жүйелілік – осы және басқа да тақырыптар кеңінен қозғалды. «Intekko» оқу орталығының инструкторы Ермек Иманғалиев  жолдағы қауіпсіздік факторлары мен негізгі қағидаларға тоқталды.
«Жол қозғалысының қауіпсіздігі – біздің курстардың басты және маңызды тақырыбы. Біздің білім-білігіміздің деңгейін көтеруде мұндай оқулардың маңызы зор», – Павлодар мұнай құбыры басқармасы ТКжәнеАТ цехы қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженері Ермек Сүлейменов деді.

Курстарда ҚР заңдары, ережелері, жол белгілері, жергілікті жолдардағы жүргізу ерекшелігі, жол көлік қақтығыстарының себебі, жолдағы мінез құлық, тәуекелдер, басқа да тақырыптар қозғалды. Қатысушыларға көлік жүргізу бойынша практикалық жаттығулар өткізіліп, баға берілді. Мұндай курстар апатты немесе қайғылы жағдайлардың санын азайтып, жүргізушінің сенімі мен мотивациясын арттырары сөзсіз.




 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер