KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

1 қыркүйектен бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Қазақстан бойынша ішкі нарыққа мұнай айдау тарифі өзгереді

 02.08.2024    2452
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының 2024 жылғы 31 шілдедегі бұйрығына сәйкес магистральдық құбырлар жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттелген қызмет көрсетуге «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа тарифтері бекітілді.

2024 жылы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылдың 31 тамызына дейін тариф 455,64 теңгеге немесе 9,4%-ға азайып, 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 4 396,23 теңгені құрайды.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бұл тариф 518,98 теңгеге немесе 11,8%-ға ұлғайып, 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 4 915,21 теңгені құрайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізудің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді.
 
 
 
Реакция:
Серiктестер