KZTO 814,04 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,04 (-0,36%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «AМАNАТ» партиясымен бірлесіп қаржылық сауаттылық курстарын өткізді

 10.09.2024    720
«ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасында «AМАNАТ» партиясы Жылыой аудандық филиалына қарасты «ҚазТрансОйл» бастауыш партия ұйымы өз жұмысын жемісті жүргізуде.

Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында «AМАNАТ» партиясының «Мектепке жол» акциясының аясында, бастауыш партия ұйымы қоғамдық қабылдау бөлмесінің есебінде тұрған осал топ балаларына қайырымдылық негізінде демеушілік көрсетіп, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Зиноллаев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуларына жетістік тіледі.

Сондай-ақ, а.ж. 02-06 қыркүйек аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының бір қатар қызметкерлері, «AМАNАТ» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Жеке қаржыны басқару» тақырыпты курсынан өтті. Өткен курстың мақсаты – қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру, отбасы бюджетін тиімді басқару, қаржылық сұрақтары бойынша маманның кеңесі.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер