«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов салтанатты жиында компания қызметкерлерін ұлттық мереке Республика күнімен құттықтап, олардың кәсібилігі мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Салтанатты шара барысында бірқатар қызметкерге ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ атынан марапаттар табыс етілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор ретінде экспорттық міндеттемелерді жүзеге асырып, Қазақстанның ұлттық энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін табысты атқаруда.
Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері