KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Григорий Бондарьды 32 жылдық адал еңбегі үшін алғыс білдірді

 22.11.2024    26
Тек қана отандық мұнай тасымалы саласында 32 жылдай еңбек еткен Григорий Бондарь оңтүстік-шығыс өңірлердің аумағынан өтетін магистральдық мұнай құбырлары жүйесін бес саусағындай білетін маман. Ол еңбек жолын 1980 жылы «Главтюмень геология» өндірістік бірлестігінде бұрғылау құрал-жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь болып бастаған. 1992 жылы Жезқазған мұнай құбыры басқармасына қарасты «Борсеңгір» МАС-қа технологиялық құрал-жабдықтарды жөндеу участогінің бастығы болып келген. Сол уақыттан бастап осы басқармада ауысым бастығы, тіректі апаттық-қалпына келтіру пунктінің бастығы, бас механик, құбырларды пайдалану қызметінің бастығы секілді лауазымдық сатылардан өткен. Шығыс филиалының бас технологы қызметін атқарған. Компаняның басқа да құрылымдық бөлімшелерінде өзінің кәсіби шеберлігін мұнай тасымалы жүйесін дамытуға арнаған. Тәрбиелеген көптеген шәкірттері қазіргі күні басшылық қызметтерде.  Соңғы бір жылдай уақытта Павлодар мұнай құбыры басқармасында магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің бастығы болған оны жақында ұжым құрметті зейнеткерік демалысқа шығарып салды.

Әріптестерінің ыстық ықыласына бөленген Григорий Бондарь   құбыр бойындағы қиын да қызықты күндерін еске алды. Мәселен, 2008 жылы Жезқазғанда үш тәуліктің ішінде 47 заңсыз құбыр кесуді қалпына келтіргендері кімді болмасын тәнті етпей қоймайды. Басқарма бастығы мұнайқұбыршының шеберлігі мен біліктілігін атап өтті, бақытты ғұмыр тіледі. Әріптесіміз өз кезегінде кез келген уақытта мұнай тасымалына қажетті тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді.

Зейнеткерге бастапқы кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық сертификаты табыс етілді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер