KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Мұнайқұбыршының мерейін өсірді

 22.11.2024    18
Мұнайқұбыршылар Анатолий Лысенконы өз ісінің кәсіби шебері деп таниды. Себебі ол тасымал саласындағы еңбек жолын 1978 жылы »Уралсибнефтепровод» кәсіпорнына қарасты «Булаева» мұнай айдау станциясында электр монтері болып бастаған. Кейін араға он жыл салып басқа мекемелерде жұмыс істеп, станцияға желілік құбыршы болып қайта оралған. 2006 жылдан бастап осы станцияның, 2018 жылдан «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының аға инженері қызметін атқарған. Жақында Анатолий Лысенко станция бастығының орынбасары қызметінен зейнеткерлік демалысқа шықты.

Жалпы еңбек өтілі 46, ал мұнай тасымалы саласындағы еңбек жолы 36 жылды құрайтын әріптестеріне  Павлодар мұнай құбыры басқармасының ұжымы құрмет көрсетті. Басқарма бастығы Еркін Сүйіндіков мұнайқұбыршының қызметтік жылына тоқталып, қара алтын тасымалдау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. «ТОН-2» магистральдық мұнай құбыры қазақстандық бөлігін ауыстыру кезінде көрсеткен кәсіби шеберлігіне ерекше тоқталды. Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Бастапқы кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық сертификаты табыс етілді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер