KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың қаңтар-қараша айларындағы экспорттық және транзиттік мұнай тасымалдары көлемі туралы хабарлайды

 06.12.2024    1382
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы, одан әрі «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктіне 1 млн 358 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. Бұл бағыт бойынша 2023 жылдың сәйкес кезеңінде мұнай тасымалының көлемі 843 мың тоннаны құраған болатын. 2024 жылдың желтоқсан айында осы бағыт бойынша 130 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелту жоспарлануда.
 
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Ақтау теңіз портынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша 1 млн 342 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде бұл бағыт бойынша 910 мың тонна мұнай тасымалданған еді. 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан мұнайының «Баку - Тбилиси - Джейхан» мұнай құбырына одан әрі тасымалдануы жүк жөнелтушілердің тапсырыстары негізінде, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұл кестеге сай, 2024 жылдың желтоқсанында Ақтау портынан
122 мың тонна мұнай жөнелту жоспарлануда.
 
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Ақтау портынан Махачкала порты бағыты бойынша 1 млн 775 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. Өткен жылдың дәл осы уақыт аралығында Махачкала портына бағытталған мұнай көлемі 1 млн 824 мың тоннаны құраған болатын. 2024 жылдың желтоқсан айында аталған бағыт бойынша Ақтау порты арқылы 186 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелту жоспарланып отыр.
 
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына 9 млн 117 мың тонна ресейлік мұнайды транзит арқылы жөнелтті. 2023 жылдың ұқсас кезеңінде осы бағыт бойынша транзит көлемі 9 млн 140 мың тоннаны құраған. 2024 жылдың желтоқсан айында аталған бағыт бойынша 862 мың тонна ресейлік мұнайды транзит арқылы жөнелту жоспарланған.
 
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 225 мың тонна ресейлік мұнай тасымалдады. 2023 жылдың ұқсас кезеңінде осы бағыт бойынша 129 мың тонна ресейлік мұнай жөнелтілген болатын. 2024 жылдың желтоқсан айында осы бағыт бойынша жоспарланған мұнай транзиті көлемі 4 мың тоннаны құрайды.
 
Серiктестер