KZTO 839,99 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,99 (-0,36%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Зерттеулер және әзірлемелер орталығы филиалы 2024 жылғы жұмыстың қорытындыларын шығарып, одан әрі даму бағыттарын анықтады

 17.01.2025    117

«ҚазТрансОйл» АҚ Зерттеулер және әзірлемелер орталығында (ЗӘО) 2024 жылдың жұмыс қорытындылары шығарылды. Бүгінгі өткен кеңесте құрылымдық бөлімшенің өткен жылғы жұмыстары туралы есеп тыңдалып, болашақтағы даму перспективалары мен күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Филиал басшылығына Қоғамның 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының аясындағы жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасын уақытылы және сапалы аяқтау, сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына кірісу тапсырылды.

Сонымен қатар, кездесуде компанияның өндірістік процестерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларға ерекше назар аударылды. 2025 жылға арналған негізгі даму бағыттары анықталды.

_________________________________________________________________

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Компания 5,4 мың шақырымдық магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді және ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын өзге ұйымдардың құбырларын техникалық қызмет көрсетумен айналысады.

Компанияда іздестіру, жобалау және қоршаған ортаны қорғау салаларында қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік лицензиялар бар. 2000 жылы өндірістік процестерді ғылыми және инжинирингтік қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Зерттеулер және әзірлемелер орталығы филиалы құрылған болатын.

Бүгінгі таңда шамамен 120 қызметкерден тұратын филиал ұжымы компанияның ғылыми-зерттеу, техникалық-сараптамалық, жобалау-іздестіру және инжинирингтік жұмыстарды жүзеге асыруға, сондай-ақ экологиялық және нормативтік құжаттамаларды әзірлеуге бағытталған кешенді міндеттерін шешуге жұмылдырылған.

Серiктестер