«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылғы өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті кезеңде мұнай тасымалдау және жүк айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 44 млн 887 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 699 мың тоннаға артық.
Қазақстан Республикасының отандық мұнай өңдеу зауыттарына – «Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не 2024 жылы мұнай жеткізу көлемі 16 млн 712 мың тоннаны (сәйкесінше - 5 млн 519 мың тонна, 5 млн 734 мың тонна, 5 млн 459 мың тонна) құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 139 мың тоннаға артық.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС мұнай өңдеу зауытына тасымалданған мұнай көлемі 655 мың тоннаны құрады.
«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 10 млн 378 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдағы деңгейге сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбырының учаскесінде 11 млн 808 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 566 мың тоннаға артық.
«Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырына 11 млн 190 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді, бұл 2023 жылдағы көрсеткішке сай келеді.
«Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 4 млн 208 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 967 мың тоннаға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік ауқатын пайдаланып, Ақтау портында мұнайды танкерлерге тиеу көлемі 3 млн 360 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша бөлек мұнай айналымы 35 миллиард 526 миллион тонна шақырымды құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 миллиард 318 миллион тонна шақырымға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнай жүк айналымы 45 миллиард 176 миллион тонна шақырымды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1 миллиард 392 миллион тонна шақырымға жоғары.
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбыры жүйесі бойынша 18 млн 789 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне сәйкес келеді. Мұнай жүк айналымы 16 млрд 858 млн тонна-километрді құрады, бұл да 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерге сай келеді. «МұнайТас СБҚК» ЖШС мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемі 5 млн 791 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 264 мың тоннаға жоғары. Мұнай айналымы 2 млрд 395 млн тонна-километрді құрады, яғни 2023 жылмен салыстырғанда 159 миллион тонна-километрге артық.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 856 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 282 мың тоннаға жоғары.
«Магистральды суағызғысы» ЖШС-ның «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарындағы тұтынушыларға 26 млн 495 мың текше метр тұщы су берілді. 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда су беру жеткізу көлемі 1 млн 409 мың текше метрге кем.