«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылдың қаңтар айында мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 4 млн. 591 мың тонна болды. 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 75 мың тоннаға немесе 2% кеміген (2011 жылдың қаңтар айында мұнай тасымалдау көлемі 4 млн. 666 мың тонна құраған).
«ҚазТрансОйл» АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2012 жылдың қаңтар айында 2 млрд. 816 тонна км. болды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 330 млн. тонна км. немесе 10% төмендеген (2012 жылдың қаңтар айында жүк айналымы 3 млрд. 146 тонна км. құрады).
2012 жылдың қаңтар айында «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 155 мың тоннаны құрады (2011 жылдың қаңтар айында тасымалдау көлемі 1 млн. 153 мың тонна болған).
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарының ресейлік мұнайға деген тапсырысының азаюына байланысты 2012 жылдың қаңтар айында (2011 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда) мұнай тасымалдау көлемі төмендеген.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. 2012 жылдың қаңтар айында су беру көлемі 21 млн. 192 мың текше метр құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда су беру көлемі 75 мың. куб.м немесе 4% артқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі