KZTO 821,00 (+0,12%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 821,00 (+0,12%)

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ мен «ҚазАзот» АҚ аммоний нитратын 
ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту туралы келісімге қол қойды

 11.02.2025    122

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ мен «ҚазАзот» АҚ «Батуми теңіз порты» ЖШҚ арқылы «ҚазАзот» АҚ-тың аммоний нитраты (аммиак селитрасын) ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту туралы келісімге келді. Ынтымақтастық туралы Меморандум компаниялар кәсіпкерлік қызметті дамытып, халықаралық ынтымақтастықты және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында қабылданды.

«Батуми теңіз порты» ЖШҚ жүк жөнелтушісі «ҚазАзот» АҚ болып табылатын қазақстандық аммиак селитрасын алғаш рет 2024 жылдың наурыз айында жөнелткен еді. Минералды тыңайтқыш Ақтау портынан Говсан портына (Әзірбайжан) қарай жөнелтіледі, одан әрі Батуми теңіз портында (Грузия) қайта тиеледі, содан кейін ол әлемдік нарықтарға экспортталады.

2024 жылы «Батуми теңіз порты» ЖШҚ Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы 37,6 мың тонна қазақстандық аммиак селитрасын жеткізді. Меморандумның қабылдануы компаниялар арасындағы теңдік, өзара және екеуара тиімділік негізіндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту және дамыту үшін негіз болып табылады.
 

__________________________________________________________________________

«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ «Батуми теңіз порты» ЖШҚ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% акцияларын басқаруға айрықша құқықтарға ие.

Серiктестер