Әріптесіміз, Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының техникалық диагностика жөніндегі инженері Сабина Умурзакова тоғызқұмалақтан өткен облыстық біріншіліктің чемпионы атанды. Аталмыш додаға аймақтың барлық қалалары мен аудандарының өкілдері қатысқанын да атап өткен жөн.
Сабина Умурзакова өзінің кәсіби қызметімен қатар, спорттағы жоғары жетістіктерімен де көпшіліктің назарына ілінді. Оның осы жеңісі ұлттық спорттың деңгейін арттыруға зор үлес қосуда.
Әріптесімізді кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да жетістіктерінің көп болуын тілейміз!