KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

2025 жылғы 1 мамырдан бастап Ресей мұнайын Қытайға транзиттеу құнының бөлінісіне өзгерістер күшіне енеді

 10.04.2025    616
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 мамырдан бастап Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына төмендегі маршрут бойынша тасымалдау құны қайта бөлінетіні туралы өзгерістер күшіне енеді: Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс өңірі) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы).
Тасымалдау құны:
1. Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс өңірі) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, мұнайды Атасу БМАС-қа ауыстырып тиеуді қоса алғанда - ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 7,24 АҚШ доллары;
2. Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде - ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 7,76 АҚШ доллары.
 
Қазіргі уақытта құнды қайта бөлу келесі мәндерді білдірді:
  • «Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс өңірі) – Атасу (Қазақстан Республикасы)» учаскесінде, мұнайды «Атасу» БМАС-қа ауыстырып тиеуді қоса алғанда - ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 4,23 АҚШ доллары;
  • «Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы)» учаскесінде - ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары
Серiктестер