KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың бірінші тоқсанында бес офтейк келісімшартын жасасты

 11.04.2025    477
2025 жылдың бірінші тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-тің Жаңа өндіріс орындарын құру жобасын іске асыру шеңберінде тауар өндіретін жеткізушілермен бес офтейк-келісімшартын жасасты. Офтейк келісім-шарттары әртүрлі қажетті жабдықтарды, соның ішінде аккумуляторларды, изоляторларды, анодты жерге қосу құрылғыларын, радиостанцияларды және басқа да тауарларды сатып алуға қатысты жасалды.
 
Бұл тауарлар өндірістік «ҚазТрансОйл» АҚ инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кешенді шаралар шеңбеінде мұнайды сенімді және қауіпсіз тасымалдауды, сондай-ақ компания нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.
 
2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ отандық тауар жеткізушілерімен жасасқан келісім-шарттардың сомасы 8,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 4 офтейк-келісімшарт («Самұрық-Қазына» АҚ жаңа өндірістік объектілерін құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру шеңберінде әлеуетті жеткізушілер өндірген тауарлар).
 
2024 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ сатып алуларындағы ішкі құнның үлесі 72%, оның ішінде тауарлар бойынша 56% құрады.
 
Олардың санының артуы компанияның «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа өндіріс орындарын құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру аясындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды.
 
Осылайша, компания отандық тауар өндірушілерді қолдауды жалғастыруда және сатып алулардағы офтейк-келісімшарттарының үлесін жүйелі түрде арттыруда. Қол қойылған офтейк-келісімшарттарды жүзеге асыру «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Атап айтқанда, бұл импортты алмастыратын тауарлардың жаңа өндірісін құруға және сатып алынатын тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға әкеледі, бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті азайтады және экономикалық қауіпсіздік деңгейін арттырады.
 
Сонымен қатар, жаңа өндіріс ашуды жоспарлап отырған әлеуетті жеткізушілер санының артуы жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Жаңа кәсіпорындардың дамуы өңірлерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, бұл жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және өндіріс процестеріне заманауи стандарттарды енгізуге ықпал етеді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның бұл қадамдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реттелетін сатып алулардағы отандық тауарлар көлемін арттырудың маңыздылығын атап өткен жолдауында айтылған мақсаттарға сәйкес келеді. Ол отандық тауар өндірушілермен жасалған офтейк-келісімшарттардың үлесін 10%-ға дейін арттыру қажеттігін айтқан еді.
 
Серiктестер