Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық қауымдастығының жыл сайынғы отырысы өтті
23.04.2025 29
Сербия астанасы Белград қаласында Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық қауымдастығы (МТХҚ) қатысушыларының жыл сайынғы отырысы өтті. Іс-шараға «ҚазТрансОйл«АҚ өкілдері – Технологиялық режимдер мен энергоменеджмент басқармасының бастығы Александр Гаврилов пен Пайдалану департаменті директорының орынбасары Бауыржан Ізтелеуов қатысты.
Форумға мұнай тасымалдау саласының жетекші халықаралық компаниялары, соның ішінде «Транснефть»ЖАҚ (Ресей), Каспий құбыр консорциумы (КҚК), CNPC (Қытай), MOL Group (Венгрия) және басқа да ірі компаниялар қатысты.
Кездесу барысында магистральдық құбырларды пайдалану, энергия тиімділігі, резервуарлық парктерді техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, сондай-ақ саланың даму келешегі талқыланды.
Александр Гаврилов энергия тиімділігі жөніндегі жұмыс тобына белсене қатысып, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның энергия тұтынуды төмендету мен технологиялық режимдерді басқару саласындағы тәжірибесін ортаға салды.
Бауыржан Ізтелеуов «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай қыздыру пештері» тақырыбында баяндама жасап, компания енгізіп жатқан энергия үнемдеуге бағытталған инновациялық шешімдерді таныстырды.
Кездесу соңында қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және мұндай форумдардың халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтті. «ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметінде үздік әлемдік тәжірибелерді белсенді түрде енгізуді жалғастыруда.