«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (51%) мен CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны, мақтанышпен маңызды жетістікке жеткенін хабарлайды: 2003 жылы пайдалануға берілген уақыттан бері «Кенкияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы 100 миллион тоннадан астам мұнай тасымалданды.
Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының мұнай құбыры жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмысын айғақтайды және «Кенкияқ – Атырау» мұнай құбырының қазақстандық мұнайды ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізудегі маңыздылығын көрсетеді.
100 миллион тонна мұнай тасымалдау межесінің еңсерілуі инфрақұрылымның сенімділігі мен тиімділігін, сондай-ақ бұл құбырдың елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызын дәлелдейді.
«МұнайТас» ЖШС мұнайды тұрақты және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыра отырып, елдің энергетикалық әлеуетін нығайтуға және мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қоса береді.