2025 жылғы 18 маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингісін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».
Компанияның рейтингісі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас компаниясының рейтингісіне және Қазақстан Республикасының егеменді рейтингісіне («BBB», болжам «Тұрақты») сәйкес келеді.
Fitch атап өткендей, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың кредиттік қабілеттілігі ұлттық мұнай құбырларының операторы ретінде мықты бизнес-бейінмен, тұрақты ақша ағынымен және еуропалық компаниялармен салыстырғанда аз болжамды реттеуші ортаға қарамастан сенімді қаржылық позициямен қамтамасыз етіледі.