KZTO 814,00 (+0,68)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (+0,68)

«Кеңқияк-Атырау» магистральдық мұнай құбырын пайдалану бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ пен «МұнайТас» ЖШС арасында жаңа үшжылдық шарт жасасу мақұлданды

 25.06.2025    77

«СБҚК «МұнайТас» ЖШС Қатысушыларының сырттай кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен 2025–2027 жылдарға арналған «ҚазТрансОйл» АҚ пен «СБҚК «МұнайТас» ЖШС арасында «Кеңқияк-Атырау» магистральдық мұнай құбырын пайдалану бойынша қызмет көрсетуге қатысты жаңа үшжылдық шарт жасасу мақұлданды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық мұнай құбырлары бойынша ұлттық оператор болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ «Кеңқияқ-Атырау» құбыры іске қосылған сәттен бастап «СБҚК «МұнайТас» ЖШС-ға аталған құбырды пайдалану бойынша қызмет көрсетіп келеді. Жаңа шартқа қол қою тиімді ынтымақтастықты жалғастырып, мұнайды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шешім Қазақстан Республикасының мұнай құбырлары жүйесінің сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыруға ықпал етеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ оператор ретінде келесі компаниялардың құбырларын пайдалану бойынша қызмет көрсетеді: «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы «МұнайТас» ЖШС, «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖАҚ, «Торғай Петролеум» АҚ және «Магистральдық су құбыры» ЖШС. Жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын құбырлар «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан қызмет көрсетіледі.

Серiктестер