«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалы бойынша клиенттермен өзара іс-қимылды «бірыңғай терезе» қағидаты негізінде жүзеге асыруға арналған Oil Transportation Management — KazTransOil (OTM-KTO) жаңа ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізді. Цифрлық платформа «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай құбырлары жүйесі арқылы қызмет көрсету үдерістерін, сондай-ақ «МұнайТас» СБҚК ЖШС және «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды ұйымдастыру үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – мұнай тасымалы бойынша қызмет көрсетуге қатысты құжаттық рәсімдерді, өтінім беруден бастап маршруттық тапсырмаға дейінгі барлық үдерісті онлайн форматта автоматтандыру және жеңілдету.
Цифрлық шешімнің негізгі мүмкіндіктері:
Пайдаланушылар үшін артықшылықтары:
Өнеркәсіптік іске қосуға дайындық аясында жобалау кезеңдері аяқталып, бизнес-модельдер тестіленді, ақпараттық қауіпсіздік құралдары енгізілді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жүйесімен сенімді интеграция қамтамасыз етілді.
OTM-KTO жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу Қазақстанның мұнай тасымалдау саласын жаңғыртудағы маңызды кезеңге айналып, мұнай тасымалы қызметтері нарығында неғұрлым икемді, технологиялық және клиентке бағдарланған өзара іс-қимылдың негізін қалады.