KZTO 807,48 (+0,00)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 807,48 (+0,00)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мердігер ұйымдармен кезекті тоқсан сайынғы кеңес өтті

 01.07.2025    15

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарында ұзақ мерзімді қызметтер көрсететін және ауқымды жұмыстар орындайтын мердігер ұйымдардың басшыларымен кезекті тоқсан сайынғы кеңес өтті.

Кеңес барысында мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылдың II тоқсан бойынша нәтижелері қаралды. Атап айтқанда, еңбек заңнамасының сақталуы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы талаптардың орындалуы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ тобы қызметкерлерін сауықтыру бағдарламасы аясында 2025–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Іс-шараға «ҚазТрансОйл» АҚ-ның орталық аппарат басшылығы, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің, еншілес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ компания нысандарында жұмыс жүргізетін мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.

Мұндай кеңестерді тұрақты өткізу өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға, әріптестік қатынастарды нығайтуға және «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарында еңбекті қорғаудың тұрақты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.



Реакция:
Серiктестер