KZTO 808,90 (+0,32)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,90 (+0,32)

Республикалық деңгейдегі Параспартакиадада әріптесіміз 150 қарсыластың арасынан топ жарды

 02.07.2025    21
Тараз қаласында ерекше қажеттіліктері бар спортшылар арасында өткен VII Республикалық Спартакиада аясында паражүзуден жарыстар өтті. Оған еліміздің 18 өңірінен келген 150-ге жуық спортшы қатысты. Сайыста тірек-қимыл аппараты, көру органдары зақымданған және интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар спортшылар бақ сынады. Айта кетейік, Спартакиада әр төрт жыл сайын өткізіледі.
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының материалдық-техникалық қамту және жабдықтарды жинақтау қызметінің жинақтау жөніндегі инженері Қуаныш Асқар жоғары нәтижелерімен ерекшеленіп, үш медаль жеңіп алды:
1-орын – 200 метр кешенді жүзу (алтын медаль)
2-орын – 100 метр еркін стильде жүзу (күміс медаль)
2-орын – 100 метр брасс әдісімен жүзу (күміс медаль)
 
Бұл Асқардың жетістігі – табандылықтың, өзін-өзі тәртіпке салудың және кәсіби дайындықтың жарқын үлгісі. Ол өзін тек спортта ғана емес, жұмыс барысында да жоғары жауапкершілікпен және ынтамен көрсетіп келеді. Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!



Реакция:
Серiктестер