KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі өндірістік қызметінің қорытындылары.

 16.05.2012    515
«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылғы қаңтар – сәуір мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 17 млн. 636 мың тонна болды. Бұл көрсеткіш жоспарланған мұнай тасымалдау көлемінен 3% немесе 560 мың тоннаға артық (2012 жылдың қаңтар – сәуіріне жоспарланған мұнай тасымалдау көлемі 17 млн. 076 мың тонна болған-ды). «ҚазТрансОйл» АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2012 жылдың 4 айында 11 млрд. 092 млн тонна км. болды. Бұл көрсеткіш жоспарланған жүк айналымы көлемінің 99% құрады (2012 жылдың қаңтар – сәуіріне жоспарланған жүк айналымы 11 млрд. 217 млн тонна болған-ды). ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. 2012 жылғы қаңтар - сәуірде су беру көлемі 7 млн. 119 мың текше метр құрады. Бұл көрсеткіш жоспарланған су беру көлемінен 4% немесе 288 мың. куб.м артық ( 2012 жылдың қаңтар – сәуіріне жоспарланған су бері көлемі 6 млн. 831 млн тонна болған-ды). «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер