KZTO 814,00 (+0,23)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (+0,23)

«Созақ» МАС-та жанармай құю бекетінде өрт туындаған кездегі іс-қимылдар пысықталды

 14.07.2025    21

Шымкент мұнай құбыры басқармасына қарасты «Созақ» мұнай айдау станциясында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Іс-шараның мақсаты – шартты өрт жағдайындағы бірлескен іс-қимылдарды пысықтау және қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру.

Сценарий бойынша «Созақ» мұнай айдау станциясы аумағындағы жанармай құю бекетінде өрт шықты. Барлық жұмылдырылған қызметтер мен нысанның ерікті өртке қарсы жасағы үйлесімді әрі жедел әрекет етті. Хабарландыру жүйелері ақаусыз жұмыс істеп, техникалар жарамды күйде болды. Жұмысшыларды қауіпсіз аймаққа көшіру уақтылы ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуға «Зевс Энерго» ЖШС авариялық-құтқару қызметінің, «KMG Security» ЖШС күзет қызметінің, «Медікер ПМ» ЖШС медицина қызметінің мамандары, сондай-ақ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері қатысты.

Мұндай оқу-жаттығулар төтенше оқиғаларға ұқсас шынайы ортада өзара үйлесімді жұмыс тәртібін қалыптастыруға және қызметкерлердің оқыс жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
 









Реакция:
Серiктестер