KZTO 817,00 (+0,25)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,00 (+0,25)

«ҚазТрансОйл» компаниясының 200-ден астам қызметкері Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай марапатталды

 05.09.2025    42

Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры басқармаларында, сондай-ақ еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарында кәсіби мерекеге орай салтанатты іс-шаралар мен марапаттау рәсімдері өтті. 238 мұнай құбыры қызметкері түрлі марапаттарға ие болды, олардың ішінде 122-сы жұмысшы мамандықтарының өкілдері.

«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында да қызметкерлерді марапаттау салтанаты ұйымдастырылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов орталық аппараттың үздік өкілдеріне салалық марапаттарды табыстап, компания ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады және мұнай құбыры саласының барлық қызметкерлеріне алғыс білдірді. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты жұмысы мен жетістіктерін, нық ілгерілеуін қамтамасыз етіп отырған – ұжымның адал еңбегі мен табандылығы екенін атап өтті.














Серiктестер