KZTO 865,99 (+0,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 865,99 (+0,35)

Арман Қасенов жұмыс сапары барысында «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесіне қызмет көрсететін Павлодар МҚБ объектілерінің жұмысын тексерді

 09.10.2025    35

2025 жылғы 9 қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандарына жұмыс сапарымен барды.

Павлодар мұнай құбыры басқармасы — компанияның негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Ол «Омбы – Павлодар», «Павлодар – ПМХЗ», «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбырлары мен Қазақстан учаскесіндегі «Туймазы – Омбы – Новосібір-2» (ТОН-2) мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалын қамтамасыз етеді.

Сапар аясында компания басшысы Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы мен «Булаево» апаттық-қалпына келтіру пунктінің жұмысын тексерді.

«Булаево» апаттық-қалпына келтіру пунктінде басқарма төрағасы Омбы облысымен шекарада орналасқан тазарту құрылғыларын қабылдау-жіберу камерасына барды. Бұл нысандар ТОН-2 мұнай құбыры учаскесін пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, ол арқылы ресейлік өндірушілер мұнайының транзиттік тасымалы жүзеге асырылады.

ТОН-2 құбыры бойынша Павлодар МҚБ пайдалану жауапкершілік шекарасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасымен анықталады — 1001,968 км-де («Транснефть – Урал» АҚ) және 1188,2 км-де («Транснефть – Батыс Сібір» АҚ). «Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы мұнайды «Транснефть – Урал» АҚ бағытында тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Сапар барысында Арман Қасенов Павлодар мұнай құбыры басқармасының басшылығымен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, ал бөлімшелердің жетекшілері өндірістік объектілердің сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шаралардың орындалуы және өндірістік нысандарды  күз-қыс кезеңіне дайындау жөнінде есеп берді.

Серiктестер