«ҚазТрансОйл» АҚ бірінші жарты жылдықтағы жоспармен салыстырғанда тасымалданған мұнай көлемін 1%-ға арттырды (нақты мәліметтерге сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша тасымалданған шоғырландырылған мұнай мөлшері 2012 жылғы қаңтар-маусым аралығында 32 млн. 190 мың тоннаны құрады).
«ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань-Маңғышлақ су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарына Еділ суын жеткізеді. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында жеткізілген су көлемі 11 млн. 058 мың текше метрді құрап, 2011 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 811 мың текше метрге немесе 8%-ға артқан.
2012 жылдың жарты жылдығындағы шоғырландырылған табыс 68 млрд. 78 млн. теңгені құрап, бұл жоспардан 1%-ға жоғары.
2012 жылғы бірінші жартыжылдық аралығындағы, аудиторлық шолудан өткен шоғырландырылған қаржы есебінде көрсетілген 2012 жылдың есепті кезеңіндегі қорытынды табыс 16,9 млрд. теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 32%-ға жоғары болып табылады.
Көрсетіштің аталуы | 2012 жылдың 6 айына жоспарланған көрсеткіш | 2012 жылдың 6 айында алынңан нақты көрсеткіш | Нақты көрсеткіштің жоспардан ауытқу көлемі |
% | абс. мәні |
Тасымалданған мұнай көлемі, мың тонна | 31 798 | 32 190 | 101% | 392 |
Жеткізілген су көлемі, мың текше метр | 10 247 | 11 058 | 108% | 811 |
Табыс көлемі, млн. теңге | 67 182 | 68 078 | 101% | 896 |
Қорытынды табыс, млн. теңге | 12 849 | 16 900 | 132% | 4 051 |
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының єртараптандырылған желісі бар Қазақтан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. Компания елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі