KZTO 851,00 (-0,47)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 851,00 (-0,47)

«ҚазТрансОйл» АҚ МАС операторы Андрей Марков «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды

 24.10.2025    57

Республика күні қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының №8 мұнай айдау станциясының операторы Андрей Марков мемлекеттік награда – «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

Жоғары марапатты «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов салтанатты түрде табыс етті.

Андрей Марков ғұмырының 33 жылдан астам уақытын магистралдық мұнай құбырлары жүйесіндегі жұмысқа арнаған. Ол еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды аудандық мұнай құбыры басқармасында бастаған. Осы жылдар ішінде жауапты, сауатты және адал маман ретінде танылып, өндірістік нысандардың тұрақты және апатсыз жұмысын қамтамасыз етіп келеді.

Бұл марапат оның көпжылдық еңбегінің, кәсібіне адалдығының және Қазақстанның мұнай тасымалдау саласының дамуына қосқан зор үлесінің мойындалуы болып табылады.

Әріптесіміздің сіңірген еңбегін бағалау ҚР Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ерекше қолға алынған еңбек беделін арттыруға және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін нығайтудағы мемлекеттің бағытын көрсетеді.

Республика күніне орай мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосқан «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 160-тан астам қызметкері түрлі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Серiктестер